389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынының жеңімпаздары анықталды

  • 662
  • UPD: 23:47, 22.06.2019
«Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынының жеңімпаздары анықталды

Қарағанды облысындағы Спасск оқу-жаттығу орталығында «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынының салтанатты жабылу рәсімі өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған еліміздің түкпір-түкпірінен 600-ден астам жас қатысқан болатын. Олар дайындық мектебінен өтіп, Қазақстан армиясының қарымын бағамдауға, әскери техника мен қару-жарағын көруге мүмкіндік алды. Бірінші орын «Жас ұлан» республикалық мектебі мен Семейдің «Жас ұлан» мамандандырылған лицейінің командаларына бұйырды. Қазақстан Қарулы күштері мен өзге де әскери құрамалардың арасынан бірінші орынды «Шығыс» әскери-патриоттық клубы иеленді. Ал әскери-патриоттық клубтар арасында Батыс Қазақстан облысының «Жігер» командасы үздік деп танылды.

Хабар 24 телеарнасы