389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан Қарулы Күштерінің қатары жас офицерлермен толықты

  • 324
Қазақстан Қарулы Күштерінің қатары жас офицерлермен толықты

Алматыдағы Құрлық әскерлерінің әскери институтын тәмамдаған 340 жас офицерлерге диплом табысталды.

Сонымен қатар жоғарғы оқу орнын Қырғызстанның 5, Тәжікстанның 10 азаматы аяқтады. Елімізде бұл оқу ордасының мәртебесі биік, сондықтан онда білім алу абырой саналады. «Жалпы жыл сайын жастар арасында әскери мамандыққа деген сұраныс артып келеді», – дейді жоғары шенді офицерлер.

Жұмабек Хасенов, құрлық әскерлері әскери институты басшысының орынбасары:

– Құрлық әскерлері, Қорғаныс министрлігі, Ұлттық Ұлан, шекара қызметіне түлектеріміз қызмет атқаруға жолдама алып кетіп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы