384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада әскери оркестрлердің музыкалық фестивалі мәресіне жетті

  • 205
Елордада әскери оркестрлердің музыкалық фестивалі мәресіне жетті

Елордада Қазақстан полициясы күніне орай әскери оркестрлердің дәстүрге айналған «Әскери керней» VІII Халықаралық әскери-музыкалық фестивалі мәресіне жетті.

Бұл байқау жыл сайын қала тұрғындары мен қонақтарын ұмытылмас әсерге бөлеп келеді. Бағдарламада әскери, классикалық, халық және эстрадалық музыкалар және әскери қызметшілердің қарумен орындайтын көріністері әдемі үйлесім тапқан. Еске сала кетейік, ақтық шарада іріктеу сынынан сүрінбей өткен оркестрлер өнер көрсетті. Сондай-ақ байқауға Ресей мен Монғолияның өнер ұжымдары да қатысты. Биыл фестивальде «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының оркестрі үздік деп танылды.

Максим Наговицын, әскери дирижер:

– Біз бұл байқауға 2 ай ғана дайындалдық. Бірақ ойдағыдай өнер көрсеттік деп ойлаймын. Көрермендер біздің өнерімізді жақсы қабылдады. Шеберлігімізді әлі де шыңдай бермекпіз.

Хабар 24 телеарнасы