389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылорда облысында көпфункционалды орталық ашылды

  • 549
  • UPD: 09:02, 23.06.2019

Сыр өңірінде жыл басынан бері жастарға арналған 19 әлеуметтік нысан ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соның бірі – көпфункционалды жастар орталығы.

Бұл орталық тәулік бойы қызмет көрсетеді. Бұл Абдолла Бегайдаров үшін де жаңа мүмкіндіктер ашып отыр. Ол бүгінде жаңа дизайнерлік жобалар аясындағы ізденісін жалғастыру үшін ресурстық орталықтың тегін қазметін тиімді пайдаланып жүр.

Абдулла Бегайдаров, қала тұрғыны:

– 24 сағат жұмыс жасайды, студенттер бос уақытында келуге болады. Коворкингке жиналады, интернет кітапхана бар. Оның бәрін пайдалануға болады.

Кәсіп бастаймын, ғылым жолында ізденемін немесе жаңа технологияның дамуына үлес қосамын дейтін жастарға жаңа орталықта барлық жағдай жасалған. IT-парк, коворкинг орталықтан бөлек жастар шығармашылығын дамыту бөлмесі, фитнес тіпті психологиялық кабинет те қызмет көрсетеді.

Абылайхан Сабанбаев, облыстық жастар ресурстық орталығының директоры:

– Әдістемелік көмек көрсету кабинеті қарастырылған. Бұл кабинетте біздің қызметкерлер тұрғын үй, денсаулық сақтау, жұмысқа орналасу мәселесі, кәсіпкерлікті бастау, бизнес стартаптар бойынша түрлі бағытта түсіндірмелі ақпараттық жұмыстар жүргізеді.

Облыс тұрғындарының 4-тен бірі - жастар. Оның 40 пайызы қалада тұрса, қалғаны ауыл-аймақтарда. Алдағы уақытта осындай орталықты аудандарда да салу жоспарда бар екен. Бұл басатама Сыр жастарының жан-жақты ізденісін дамытып, түрлі қызметтерді кедергісіз алуына жол ашады, дейді мамандар.

Авторлары: Нұрлан жақыпбеков, Әлхайдар Тұрлыханов

Хабар 24 телеарнасы