389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да 1762 бос жұмыс орны бар

  • 272
ШҚО-да 1762 бос жұмыс орны бар

Шығыс Қазақстан облысында 1762 жұмыс орны бос тұр.

Аймақта қазір 717 ұстаз жетіспейді. Білім саласындағы кадр тапшылығы негізінен алыс аудандар мен ауылдарда байқалады. Сондай-ақ өңірге білікті 170 ветеринар қажет. Құрылыс және өңдеу өнеркәсібіне инженерлер жетіспей жатыр. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін Өскеменде бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Оған облыстағы 70-тен аса кәсіпорын қатысып, 1 мыңға жуық жұмыс ұсынды. Жалпы аймақта құрылыс қарқынды жүріп жатыр. Бірақ білікті инженер, тас қалаушы және кранда жұмыс істейтін мамандар тапшы. Бұл сала бойынша 500-ге жуық жұмыс орны бос тұр.

Жұмәділ Әсет, жас маман:

– Бітірген соң қазір бізге жұмысқа тұру және көшіп келу бойынша көптеген ұсыныс түсіп жатыр. Және осы жерде жұмыс табамын деп үміттенемін.

Тимур Жігітаев, облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы басшысының орынбасары:

– Жұмыс берушілер мамандармен көзбе-көз сөйлесіп, өз ұсыныстарын жасап жатыр. Ал «Серпін» бағдарламасымен оқу бітіргендер Шығыс Қазақстан облысында қалмақ. Оған қоса басқа жақтан көшіп келіп жатқан, отбасыларға мемлектетік бағдарлама бойынша барлық көмек көрсетіліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы