383,69 432.40 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қансырап жүріп 3 қарақшыны қамаған полицей ерлігі жас мамандарға үлгі

  • 177
  • UPD: 13:00, 24.06.2019

Нұрғали Омаров қарақшылардың қолынан ауыр жараланса да, қызметтік борышын асқан адалдықпен атқарып көзге түсті.

«Айбын» орденімен марапатталған ардагер тәртіп сақшысы бүгінде үш бала тәрбиелеп отыр. Тұңғыш ұлы әке жолын қуып, бүгінде полицияда қызмет етіп жүр.

Нұрғали Омаров Жамбыл облысы бойынша алғашқы болып «Айбын» орденін алған ардагер полицей. Ол бейбіт күннің нағыз батыры. 1998 жылы Тараздағы қарулы қарақшыларға тойтарыс берген. Жүректі полицей үш адамнан тұратын тонаушылардың жолын кесіп, өзі екі жерінен жарақат алады. Қансырап жүріп, қоғам тыныштығын сақтай білген азаматтың ерлігі бүгінгі жас мамандарға үлгі.

Нұрғали Омаров, полиция саласының ардагері:

- Екеуміз төбелесіп кеттік. Екіншісі жабылды. Екіншісін құлаттым ұрып. Үшіншісін бір ұрып едім, ол құлап қалды. Сөйтіп, машинаға салып РОВД-ға алып келдім. Дежуркаға келіп өткіздім да сол жерде естен танып қалдым. Балама айтам ешқандай бұзақылық жасама. Нарушение жасама жақсылап жұмыс істе. Маған кір келтірме. Ұят келеді деп.

Тұңғыш ұлы әкесіне еліктеп өскен. Қазір полицияда саласында еңбек етіп жүр. Үш жылдан астам уақыт ішінде 50-ден астам қылмыстың бетін ашуға ат салысқан. «Мамандығыммен мақтанам. Абырой мен міндет өмірлік ұстанымым» дейді Қуат Нұрғалиұлы.

Қуат Өлке, Тараз қалалық патрульдік полиция батальонының қызмет инспекторы: 

- Арманыма жетіп отырмын. Қазіргі таңда Тараз қаласы патрульдік полиция батальонының қызмет инспекторымын. Жұмыста көптеген қиындықтар кездеседі. Жұмыстың оңайы жоқ. Темірдей қатал тәртібі бар. Жұмысымыз қоғамдық қауіпсіздікті сақтап, жол жүру ережелерін қамтамасыз ету. 

Жалпы Жамбыл облысында бүгінде 3 мыңға тарта полиция қызметкері жұмыс істейді. Олардың 15-і жоғарғы деңгейдегі мемлекеттік марапаттардың иегерлері.

Ильнур Зайнулин, облыстық пд басқарма басшысының орынбасары:

- Осындай тұлғаларды жас мамандарға үлгі етуге тырысамыз. Олар Отан алдындағы борышын, жауапкершілікті сезінуі тиіс. Жұмысқа қабылдар алында жеке қасиеттеріне баса назар аударамыз. Әрбір полицей – қоғамдағы тәртіптің айнасы. Сондықтан мамандардың жан-жақты білімді болуын қадағалаймыз.

Өткен жылы өңірде 8 мыңнан астам қылмыс тіркелген. Оның 80 проценті полицейлердің күшімен ашылған.

Авторлары: Руслан Бақытбекұлы, Бақытжан Бапаев

Хабар 24 телеарнасы