389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ж.Үшкемпіров: Ел тәуелсіздігі мен Назарбаев – егіз ұғым

  • 263
  • UPD: 19:42, 23.06.2019

Ел тәуелсіздігі мен Нұрсұлтан Назарбаев егіз ұғым. Бұл Мәскеу Олимпиадасының чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтің пікірі.

Ардагер спортшы Тұңғыш президенттің тұсында шекарамыз бекітіліп, әскеріміз жасақталғанын, сосын төл теңгеміз айналымға түскенін айтады.

Жақсылық Үшкемпіров, Мәскеу олимпиадасының чемпионы:

- Отыз жылдың ішіндегі істеген еңбектерін тізе берсек, ол бүкіл қазақ халқының тарихында болмаған нәрсені істеді ол кісі. Отыз жылдың ішіндегі талай қиын кезеңдерден өтіп, қазақ халқы үшін барлық ғұмырын берді ғой енді. Сондықтан да біз талай мемлекеттің алдына сол Нұрсұлтан ағамның арқасында шықтық. Бірге жүргенде айтушы ем, Нұрсұлтан аға, жасыңыз Жамбыл бабамның жасына жетсе екен деп. Менің тілегім сол әрқашан.

Хабар 24 телеарнасы