386,20 429,31 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында 4 мың тонна ет көршілес мемлекеттерге экспортталмақ

  • 278
  • UPD: 08:37, 24.06.2019

Алматы облысында жыл сайын 380 мың тонна ет өндіріледі.

Биыл соның 4 мың тоннасы көршілес мемлекеттерге экспортталмақ. Ірі қара етін шетелге шығарғысы келетін шаруалар қазір мал басын асылдандыруды мықтап қолға алды.

Балқаш ауданындағы мына 620 бас ірі қара Жамбыл облысынан әкелінген. Зеңгі баба төлі қазір құмды аймаққа жерсіндіріліп жатыр. Белгіленген уақыты бітісімен өріске шығарылады. «Сол кезде жайылымдық жер қажет болады», – дейді шаруалар. 

Талғат Қарақбаев, шаруа қожалығының жетекшісі:

– Бізде арендада қазір 1500 гектар жеріміз бар, 500 гектар ұзақ мерзімге. Жер берілсе ары қарай кешен салып, дами береміз. 5 мың басқа дейін жеткіземіз деген өзіміздің ойымыз бар.

Ауданда мал бағуды кәсіп еткен 950-ге жуық шаруашылық бар. Соның төрттен бір бөлігі асылтұқымды ірі қара өсіреді. Қожалық иелері биыл да мемлекет көмегіне жүгініп, төрт түлік санын көбейте түспек. 

Бауыржан Дәрібаев, аудан әкімінің орынбасары:

– Топар ауылынан «Нұр» шаруа қожалығы құжаттарын дайындап жатыр, етті бағыттағы ірі қара алып келуге. Оның сыртында Бірлік ауылындағы «Бірлік» агрофирмасы етті бағыттағы ірі қара сатып алуға жұмыс жүргізіп жатыр. Бұл бағытта жұмыс жүріп жатыр. Биыл 400-500 бас мал әкелінеді.

Жыл соңына дейін Алматы облысынан 4 мың тонна ет экспортталмақ. Ауылшаруашылық өнімі Өзбекстан, Қырғызстан және Иран Ислам Республикасына жөнелтіледі.

Авторлары: Шыңғыс Қалиден, Олжас Байбосынов

Хабар 24 телеарнасы