383,69 432.40 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елбасының алғашқы көмекшісі Нұрсұлтан Назарбаевтың іскерлік қасиетін еске алды

  • 115
  • UPD: 08:38, 24.06.2019

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары Елбасы жанында болып, елдегі елеулі саяси-экономикалық мәселелерді шешуге еңбек сіңірген азаматтың бірі – Атамұрат Шәменов.

Тұңғыш Президенттің алғашқы көмекшісі болған ғалым Нұрсұлтан Назарбаевтың іскерлік қасиетін еске алып, әсіресе Елбасының есте сақтау қабілеті мен шешендік өнеріне жоғары баға берді.

Атамұрат Шәменов, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың алғашқы көмекшісі:

– Жұмыс бабында отырғанда біз пошта береміз, бір жетіге жұмысын жоспарлаймыз. Бұл кісі өзінің жұмыс жоспарын 30 күнге алдын ала жоспарлайтын. Біз 2-3 күн, шахматтағы жол дейді ғой, соны болжап қарап отырамыз. Ал шахматтық жолмен салыстырғанда бұл кісінің ойы, санасы, алға ойлауы 8-9 жол, алдын ала жоспарлап, реттеп отыратын. Міне, бұл адамға берілген қасиет. Сол қасиеттің арқасында сол ауыр жылдарымызда егемендіктің көп мәселелері шешілді.

Хабар 24 телеарнасы