389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚР Президенті жанындағы МБА тыңдаушылары АҚШ-та тағылымдамадан өтуде

  • 168
  • UPD: 08:59, 24.06.2019

Америкалық әріптестерімен тәжірибе алмасу барысында отандық делегация жергілікті үкіметтік нысандарды аралап, Вашингтон мен Нью-Йорктегі мекемелерде болды.

Сондай-ақ олар Колумбия және Сиракуз университеттеріне барып, білім берудің озық үлгілерімен танысты.

Өмірсерік Тәжмағамбетов, ҚР Президенті жанындағы МБА тыңдаушысы:

– Бізді көпшілік танып, «Қазақстанның адамдары керемет» деп айтады. Еліміздің халықаралық сахнада беделі артып келе жатқанын осыдан-ақ байқауға болады. Америкалықтардың айтуынша, Қазақстанның адамдары жылыжүзді, елдің табиғаты әсем, цифрландыру аясында қалалар үлкейіп жатыр. Олар бізді бизнесте, саясат пен экономикада сенімді әріптес, тұрақты одақтас ретінде көреді.

Хабар 24 телеарнасы