389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да екі мыңға жуық бала жазғы демалысын Алакөл жағасында өткізеді

  • 359
  • UPD: 09:01, 24.06.2019

Сауықтыру лагеріне аз қамтылған және көп балалы отбасынан шыққан жеткіншектерге жолдама беріледі.

Осы мақсатқа аудан бюджетінен 17 млн теңгеге жуық қаражат бөлінген.

Көл жағасындағы жазғы лагерь балаларды қабылдауға дайын. Сауықтыру кешенінде оқушылар үшін барлық жағдай жасалған. Лагерьге келушілер саны соңғы он жылдан бері қарқындап өсіп келеді. Мақаншы ауылында тұратын Айым есімді жеткіншек биылғы демалысын алғаш рет табиғат аясында өткізбекші.

Айым Оразова, оқушы:

– Өте жақсы әсер алып жатырмын және көптеген достар таптым. Солармен араласып, әрі қарай қарым-қатынасымды жалғастыра бергім келеді. Үйлері өте керемет.

Алакөл – суы шипалы мекен. Оның жағалауындағы демалыстың оқушылар үшін берері мол. Ашық аспан астындағы қызықты экскурсияларға қатысу арқылы баланың ағзасы ширап, әрі ойлау қабілеті дамиды. 

Сәуле Жүнісова, Үржар аудандық білім бөлімінің жетекшісі:

– Шығыс Қазақстан облысынан, Семей, Риддер қаласынан, Өскемен қаласынан сұраныстар көптеп түсуде. Сонымен қатар Ақтөбе қаласының білім басқармасынан хабарласып, біздің ауданға 120 баланы әкелуге сұраныс жасап жатыр. Осы мәселені аудан әкімі сөйлесе келе тағы да бір маусымға балалар демалысын ұзартуға ұсыныс жасады.

Лагерьге биыл баратын бір мыңнан астам оқушының дені тегін жолдама алған. Аз қамтылған және көп балалы отбасынан шыққан балалардың жазғы демалысы үшін Үржар ауданы бюджетінен 16 млн теңгеден астам қаржы бөлініп отыр.

Авторлары: Талғат Исламұлы, Медет Өмірханов

Хабар 24 телеарнасы