383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысында 12 демалыс лагері балаларды қабылдауға дайын

  • 151
  • UPD: 09:02, 24.06.2019

Қостанай облысында биыл балаларға арналған 1200-ден астам демалыс орны жұмыс істейді.

Оның 12-сі – лагерь, қалғандары мектеп жанынан ашылған ойын-сауық алаңдары. Жауапты мамандардың айтуынша, өңірдегі балалардың барлығы жазғы демалыспен қамтылады.

Бұл – Қарабалық ауданындағы «Достық» лагері. Өткен ғасырдың 70-жылдары салынған мұндағы ғимараттардың әбден ескіргендігі байқалады. Жылдағы дәстүрмен жергілікті әкімдік биыл да ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізген.

Данияр Меңдібаев, лагерь директоры:

– Асхана, жатын бөлмелері сияқты барлық ғимарат бөліктері азды-көпті жөндеуден өтті. Балаларды қабылдауға дайынбыз. Лагерьде он күндік бір ауысымда 150 бала демалады. Барлық ауысым жолдамасы толық сатылды.

Шынымен, лагерьдің сырт көрінісі қораштау көрінгенімен, табиғат аясында серігіп, серуен құруға ауыл балалары құштар.

Дильназ Ибисенова, оқушы:

– Мұнда өте көңілді. Демаламыз, ойнаймыз, билейміз. Күніне бес рет тамақтандырады. Түрлі қызықты іс-шаралар өткізіледі.

Айта кету керек, облыс бойынша орташа есеппен лагерьге жолдама құны 14 мыңнан 28 мың теңге аралығында болса, Қарабалықта бір балаға небары 13 мың теңге. Және басқа да жеңілдіктер қарастырылған.

Дильнара Сапанова, Қарабалық аудандық білім бөлімінің басшысы:

– Жазғы демалыспен аудан бойынша барлық мектептердің оқушылары 100 пайыз қамтамасыз етіледі. Оның ішінде аз қамтылған және көп балалы отбасылар тегін тамақпен қамтамасыз етіледі және аудан лагеріне тегін жолдама алынады.

Ал облыс бойынша биыл 98 мыңнан астам бала жазғы демалыспен қамтылады. Ресми мәліметке сүйенсек, бұл – жалпы оқушылар санының 99,5 проценті.

Авторлары: Мағауия Қалиев, Сергей Трахтенберг

Хабар 24 телеарнасы