383,69 432.40 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өзбекстандағы жол апаты: қайғылы оқиға Қазақстан елшісінің тікелей бақылауында

  • 150
  • UPD: 10:21, 24.06.2019

Өзбекстанда қазақстандықтар жол апатына ұшырап, бір адам мерт болды.

Оқыс оқиға М39 Ташкент-Термез тас жолында болған. Күре жолдың үстінде жеңіл көлік пен КамАЗ жүк көлігі соқтығысты. Салдарынан 7 адам зардап шекті. Оның алтауы Қазақстан азаматы. Соның біреуі 1958 жылы туған жерлесіміз Тұрсынай Боранбаева оқиға орнында тіл тартпай кетті.

Құзырлы орган өкілдерінің таратқан ақпаратына қарағанда, жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен қазақстандық бес азамат Сырдария ауданындағы медициналық мекемеге жеткізілген. Оның ішінде 2008 жылы туған баланың жағдайы ауыр. «Оған шұғыл операция жасалып, дәрігерлердің бақылауына алынды», – дейді мамандар. Қалған төрт жолаушының жағдайы қалыпты. Олар Республикалық жедел-жәрдем медициналық ғылыми орталығының Сырдария бөлімшесіне ауыстырылды. Оқиғаға қатысты қос елдің Денсаулық сақтау министрлігі өзара қажетті медициналық көмек көрсету үшін тікелей байланыс орнатқан.

Өзбекстан тарапы зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету мақсатында Ташкенттен қосымша мамандар жіберген. Қазақстан тарапынан консул мен тағы бір қызметкер шұғыл оқиға орнына жетті. Бұл жағдай елшінің тікелей бақылауында тұр.

Авторы: Қанат Жүнісбеков

Хабар 24 телеарнасы