384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда орташа зейнетақы 85 мың теңгеден асты

  • 164
Қазақстанда орташа зейнетақы 85 мың теңгеден асты КазТАГ

Халықпен есеп беру кездесу барысында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі шаралар туралы мәлімдеді.

«Өткен жылы біз базалық зейнетақы тағайындау тәртібін өзгерттік. Енді оның мөлшері еңбек өтіліне тікелей байланысты. Нәтижесінде 10 жылдан астам еңбек өтілі бар 2,1 млн адам үшін базалық зейнетақы орта есеппен 80%-ға артты», – деді министр.

Оның мәліметінше, ағымдағы жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша базалық зейнетақының орташа мөлшері 27 мың теңгені, ал жиынтық зейнетақының орташа мөлшері (ынтымақты және базалық) 85 785 теңгені құрады.

«Өткен жылы зейнетақыны ресімдеу тәртібі айтарлықтай жеңілдетілді. Егер бұрын төлем тағайындау үшін 4 өтінішті тапсыру қажет болса, қазір ХҚКО-ға тек бір өтініш беріледі», – деп атап өтті ведомство басшысы.

Сондай-ақ 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейінің құрылымы ондағы азық-түлік емес бөліктердің үлесін 40%-дан 45%-ға дейін ұлғайту жолымен қайта қаралды. Нәтижесінде шамаға байланысты әлеуметтік төлемдер 3 млн қазақстандық үшін 16%-ға дейін өсті.

2018 жылы 6,1 млн астам жұмыс істейтін азамат міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесімен қамтылды. Елбасының еңбек өтілі мен МӘСҚ-тен төленетін әлеуметтік төлемдер мөлшері арасындағы өзара байланысты күшейту жөніндегі тапсырмасын іске асыру үшін Мәжілісте қаралып жатқан «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» жаңа заң жобасы әзірленді.

«2020 жылдан бастап еңбек ету қабілетінен айырылу, асыраушысынан айырылу және жұмысынан айырылу жағдайларына төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшері орта есеппен 30%-ға артады деп күтілуде», – деп қорытындылады.

Ақпарат көзі: ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы