383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚР СІМ: Өзбекстанда жол апатынан зардап шеккендер Шымкентке жеткізіледі

  • 202
  • UPD: 14:23, 24.06.2019
ҚР СІМ: Өзбекстанда жол апатынан зардап шеккендер Шымкентке жеткізіледі DKNews.kz

Бүгін түнде Өзбекстанның Сырдария облысындағы Ташкент-Термез тас жолында жеңіл автокөлік және КамАЗ жүк көлігінің қатысуымен жол апаты болды.

Бұған дейін хабарланғандай, Өзбекстанның Сырдария облысындағы Ташкент-Термез тас жолында болған жол-көлік апатының салдарынан 7 адам зардап шекті, оның алтауы Қазақстан азаматтары екендігі анықталып, 1 ҚР азаматы оқиға орнында қаза болған.

Зардап шеккендердің бірі – 2008 жылы туған бала Жизақ қаласының ауруханасында тұрақты ауыр жағдайда жатыр, еліміздің қалған 4 азаматы қазіргі уақытта Ташкентте орналасқан, олар Шымкентке тасымалдануға дайындалуда.

Жедел медициналық көмек Шымкенттен Ташкентке жетіп, бүгін қазақстандық дипломаттардың көмегімен зардап шеккендер Шымкентке жеткізіледі.

Қазіргі уақытта өзбек полициясы тергеу жүргізуде. Жол-көлік апатының себептері туралы ақпарат қосымша хабарланады, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Хабар 24 телеарнасы