389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арыстағы жарылыс: оқиға куәгерлерінің көзімен

  • 18394
  • UPD: 15:37, 24.06.2019

Арыстағы эвакуациялау жұмыстарына әскерилер, жергілікті әкімшілік мамандары және полиция қызметкерлері жұмылған.

Сондай-ақ 30 бірдей жедел жәрдем көлігі тұрғындарға медициналық көмек көрсетуде. Төтенше жағдайға байланысты Отырар мен Ордабасы аудандарында 100 орындық екі госпиталь ашылды. Ал бұған дейін желіде таралған Бөген су қоймасына төнеді деген мәлімет жалған болып шықты.

Айта кетейік, Арыс ауданы мен орталығында 40 мыңға жуық халық тұрады. Енді олар толықтай Қазығұрт, Шардара бағытына қарай көшуі тиіс. Жарылыс болған әскери бөлімге келсек, нысан аумағы толықтай қоршауға алынған. Ал Арыстағы дүкендердің, асханалардың жалпы қоғамдық орындардың қызметі тоқтатылды.

Оқиға оқ-дәрілер сақталатын қоймада болған. Мән-жайды Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов баяндады. «Оқиға орнына Түркістан облысы ТЖД жеке құрамының 30 адамы мен 8 дана техникасы тартылды», – деп хабарлады ІІМ ТЖК өкілі.

Осыдан соң Қазақстан президенті жауапты мекемелерге Арыс қаласында болған жарылысқа байланысты тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды.

Қазіргі уақытта шаһар тұрғындары эвакуацияланып жатыр.

Арыс қаласында болған жарылыс салдарынан 34 адам медицина қызметкерлерінің көмегіне жүгінген.

Хабар 24 телеарнасы