389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арыстағы жарылыс: №87 мектептегі эвакуациялық бекетке 12 бүлдіршін жеткізілді

  • 343
  • UPD: 17:18, 24.06.2019
Арыстағы жарылыс: №87 мектептегі эвакуациялық бекетке 12 бүлдіршін жеткізілді otyrar.kz

Сағат 12: 00- ден өте Шымкент қаласындағы №87 мектепке Арыстағы «Алтын тұмар»  бөбекжайынан 12 бала жеткізілді.

Бүлдіршіндер спорт залында емін-еркін ойнап жүр. Түсірілім  барысында  мектептің жанындағы №55 балабақшадан ыстық тамақ жеткізілді.

Балалар  тамақтандырылды. Әзірге екі баланы туыстары алып кетті. Солардың бірі – Ермек Бақдәулеттің әжесі. 

Арыстық түрғынның айтуынша, малын да, үйін де жайына қалдырып, немерлерін іздеп Шымкенттен бір-ақ шыққан.

Гүлфайруз Әлжұманова, тәрбиеші: «Арыстағы «Алтын тұмар» бөбекжайынан 12 баламен шұғыл түрде  көлікпен Шымкентке жеткізді. №87 мектепке орналастық. Балалардың жағдайы жақсы. Біз болсақ алаңдаулымыз. Балалардың киімін де алмағанбыз. Қазір  осындағы балабақшадан киім жеткіземіз деді. Рахмет, барлықтары қолдарынан келген көмекті көрсетуде. Ауылда қалғандарды уайымдап жатырмыз».

№87 мектепке  жеткізілген арыстық бүлдіршіндердің  тізімі:

Өмірхан Гүлім, Өмірхан Нұрым, Бимбай Маржан, Досболат Медет, Мейіржанқызы Нурикамал, Өтеген Омар, Ахметова Камила, 3 бала  есімдерін айта алмады.

Ақпарат көзі: otyrar.kz

Хабар 24 телеарнасы