383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арыста жарылыс кезінде 23 адам жарақат алған

  • 228
  • UPD: 17:48, 24.06.2019

Арыста болған жарылыс салдарынан 23 адам жарақат алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар Шымкент қалалық ауруханасына жеткізілді. Ресми мәлімет бойынша, қаза тапқандар жоқ. Ал Арыс пен Ордабасы аудандарында құрамында травматолог, хирург және реаниматолог дәрігерлер бар медициналық штаб құрылды. Сондай-ақ облыстық және аудандық клиникалық ауруханаларда қосымша 200 орын дайындалды. Оқиға орнында 30 жедел-жәрдем көлігі жұмыс істеуде. «Қажет болған жағдайда қосымша тағы жеткізіледі», – дейді жергілікті әкімдік өкілдері. 

Айжан Омарова, Шымкент қалалық ауруханасының СММ-маманы:

– Әзірге ауруханаға 21 адам әртүрлі дене жарақатымен түсті. Олардың арасында 5 бала бар. Біреуі үйіне қайтарылды. Қалғанын облыстық балалар ауруханасына жібердік. Ауыр жарақат алғандар да бар. Негізінен зардап шеккендерді облыстық аурухана қабылдап жатыр. Бізге тек өздігінен көмекке жүгінгендер келді.

Хабар 24 телеарнасы