383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылордада ҰБТ барысында санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау күшейтілді

  • 161
Қызылордада ҰБТ барысында санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау күшейтілді

Қызылордада Ұлттық бірыңғай тестілеу өтетін 107 аудиторияда телефон байланысын бұғаттау жəне бейнебақылау құрылғыларынан бөлінетін электромагниттік өріске 642 зертханалық өлшем жүргізіліп, сəйкессіздік анықталған жоқ.

Бұл туралы облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мамандары мəлімдеді. Бұдан бөлек шалғай аудандардан облыс орталығына келіп, Ұлттық бірыңғай тест тапсыратын түлектер орналасқан жатақхана мен тамақтану орындарында да санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау шаралары күшейтілді. Тіпті астың құнарына қатысты тағам үлгілері де зерттеуге алынып отыр. Жұқпалы аурулар мен тағамнан уланудың алдын алу мақсатында ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүріп жатыр. Айта кетейік, биыл облыс бойынша 5 мың 755 мектеп бітіруші түлектің 4 мың 143-і Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға ниет білдірген.

Ғалия Байменова, облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы:

– Бүгінгі күні ҰБТ орталықтарында ылғалды тазалау жұмыстары мен желдету кестелері бекітілген. Алдын ала тексеру барысындағы электромагниттік өріске қатысты біздің тараптан болған ескертпелер ҰБТ басталғанға дейін тиісті талапқа сəйкестендірілді. Ал ҰБТ тапсырушы түлектерге аралған қоғамдық тамақтану орындарыннда қолданыстағы заңнамаларға сəйкес тағамдардың қауіпсіздігі өндірістік бақылаумен қамтамасыз етілді.

Хабар 24 телеарнасы