389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арыс қаласында қауіпсіздік шаралары қатаң бақылауда

  • 333
  • UPD: 21:55, 24.06.2019

Арыс қаласынан шұғыл түрде эвакуацияланған тұрғындардың жеке мүлкін полиция күзетеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жалпы қаладағы қоғамдық тәртіпті қадағалауға жеке құрамның 500-ге жуық қызметкері мен ішкі істер министрлігіне қарасты бөлімшелердің 53 техникасы жұмылдырылған. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз хабарлады. Қалаға азаматтық қорғаныс органдары мен Ұлттық ұланның әскери бөлімінен де жауынгерлер тартылған. Ішкі істер министрлігінің оңтүстік әскери-тергеу басқармасының Шымкент бөлімшесі осы жойқын жарылысқа қатысты Қылмыстық кодекстің 462-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғады. Яғни қару, сондай-ақ басқаларға қауіп төндіретін заттарды сақтау ережесін бұзғандар жауапқа тартылады. Қазір Ішкі істер министрлігі жоғалған балаларға қатысты тараған ақпараттарды тексеріп жатыр.

(фотосурет Қазинформ сайтынан алынды)

Нұрділдә Ораз, ҚР Ішкі істер министрінің кеңесшісі:

– Оқиға орнынан көшірілгендердің орналасқан жерлерін анықтау шаралары жүргізіліп жатыр. ІІМ тұрғындарды үрейге бой алдырмауға шақырады. Ресми ақпараттарға ғана сүйену қажеттігін ескертеді. Шымкент қаласындағы төтенше жағдайлар департаментінде қауырт желі ашылды. Онда кез келген ақпаратты тәулік бойы алуға болады. Қаурыт желі нөмірі – 8 7252 44 94 72.

Хабар 24 телеарнасы