389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырау облысында қырылған қойлардың диагнозы қандай? 

  • 378
Атырау облысында қырылған қойлардың диагнозы қандай? 

Атырау облысындағы асыл тұқымды қой шаруашылығында 2100 бас еділбай қойының қырылып қалғаны бұрын хабарланған болатын, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір өлім-жітім жоқ. Бірақ шаруашылық 60 миллион теңге көлемінде шығын көрді. Жергілікті мамандар «күл» деген диагноз қойып, шаруашылықтың өз қаржысына 36 мың дана вакцина салған. Алайда ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің сарапшылары бұл диагноз расталған жоқ деген қорытынды шығарған. Бұл шешімге шаруалар келіспейді. Сондықтан «Биологиялық қауіпсіздік проблемалары» ғылыми-зерттеу институтының зертханасына тәуелсіз сараптама жасатқан. Ондағы мамандар да «күл» ауруы деген диагнозды растады. Айта кетейік, Құрманғазы ауданының Сүйіндік ауылындағы  бұл шаруашылық жылына 25 млн теңге салық төлеп, 100 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Бірақ бас-аяғы екі ай ішінде бір жылдық табысынан айырылған шаруашылық алдағы уақытта мемлекетке салық төлемек түгілі, жұмысшыларына жалақы да төлей алмай қалуы мүмкін.

Бауыржан Исақұлов, асыл тұқымды қой өсіру зауытының басшысы:

– «Оспа овец» деген диагноз қойылып отыр. Осы сараптаманы негізге ала отырып Ауыл шаруашылығы министрлігінен бізге субсидия төлеуін өтінеміз. Ауыл шаруашылығын дамыту үшін бізге ақша ауадай қажет болып тұр. Басқа жерден біз ақша, көмек ала алмаймыз. Сондықтан оң көзқараспен қарауларыңызды сұраймын. Егер сараптама тағы да ескерілмесе, көршілес Ресей елінен тәуелсіз сараптама шақыртуға мәжбүр боламыз.

Хабар 24 телеарнасы