388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әлемде жыл сайын 250 млрд долларға лотерея билеттері сатылады

  • 213
  • UPD: 21:27, 24.06.2019

Америкада бірқатар әйгілі оқу орындары, Лондонда Британия мұражайы осы ойыннан түскен міндетті аударымдардың есебінен салынған.

Бүгінгі Сенат отырысында депутат Бірғаным Әйтімова осындай дерек келтірді. Мұны айтуға себеп болып отырған жайт мынау. Еліміздегі лотерея операторы заң бойынша жалпы түсімнің 10 процентін спортты дамытуға жұмсауы тиіс. Бірақ оны іске асыру тәртібі белгіленбеген. Сондықтан сенатор бұл аударымдардың қайда кетіп жатқандығын білу үшін Премьер-министрге сауал жолдады. Жалпы бүгінгі жоғары палата отырысында 16 депутаттық сауал жолданды. Сенат төрағасы Дариға Назарбаева министрліктерге, өзге де мемлекеттік бағдарламаларға жауапты органдар бұл сауалдарға уақытылы әрі толыққанды жауап беруі тиіс, - деді.

Дариға Назарбаева, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

– Бірталай сұрақтарымызға мынадай жауаптар келеді, әлі талқыланып жатыр, әлі қаралып жатыр, әлі жұмыс жүргізіліп жатыр деген сөз, ол сөз бізге жауап емес. Тағы да жақсылап тексеру керек, керек болса не комитеттің отырысына шақырасыздар, не парламенттік тыңдауда Үкімет сағатына да шақыруға болады. Сауалдарыңыз жай сөз болып қалмасын.

Хабар 24 телеарнасы