383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арыста жарылыс салдарынан зардап шеккендер саны 71 адамға жетті

  • 259
Арыста жарылыс салдарынан зардап шеккендер саны 71 адамға жетті

Арыстағы төтенше жағдайдан зардап шеккендердің саны 71 адамға жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл мәліметті Республикалық шұғыл медициналық көмекті үйлестіру ұлттық орталығының басшысы Біржан Оспанов жариялады. Оның айтуынша, жарақат алған адамдар Шымкент пен Ордабасы қалаларындағы ауруханаға жеткізілген. 23 азамат медициналық көмекке өз бетінше жүгінген. Қазір Шымкенттегі колледждер бен мектептерде жедел медициналық жәрдем бригадасы кезекшілікте тұр.

Біржан Оспанов, республикалық шұғыл медициналық көмекті үйлестіру ұлттық орталығының басшысы:

– Жалпы төтенше жағдайға 28 жедел жәрдем бригадасы, 1 санавиация тікұшағы жұмылдырылған. Сондай-ақ Алматыда тағы екі тікұшақ дайын тұр. Сонымен қатар көршілес Қызылорда мен Жамбыл облыстарының 18 жедел жәрдем бригадасы көмекке дайын. Мамандандырылған дәрігерлер толығымен сақадай-сай. 

Хабар 24 телеарнасы