383,69 432.40 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арыстағы жарылыстан зардап шеккендерге көмек көрсетіліп жатыр

  • 228
  • UPD: 22:12, 24.06.2019

Арыс қаласындағы жарылыстан зардап шеккендерге көмек көрсетіліп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Нұрбек Байбосын, тілші:

– Түркістан облысы Арыс қаласындағы оқиғадан зардап шеккендерге жәрдем беру үшін Облыс әкімшілігінің жанынан ашылған «Түркістан» корпоративтік әлеуметтік даму қорына хабарласуыңызға болады.

Арыс қаласындағы жарылыстан өңірге радиациялық қауіп жоқ. Бөген су қоймасы тұрақты бақылауға алынғандықтан, су басу қатері бар деген ақпарат та қауесет екенін мәлімдеді жергілікті билік.

Қазіргі таңда Арыс қаласындағы тәртіпті қадағалау үшін 345 полиция қызметкері жұмыс істесе, қосымша Ұлттық гвардияның 500 сарбазы көмекке келген. Сондай-ақ оқиға орнында 75 арнайы көлік, 51 шұғыл жәрдем экипажы қызмет етуде. 105 автокөлік тұрғындарды эвакуациялауға жұмылдырылған. 

Ал Ордабасы ауданы, Төреарық ауылындағы Тәукехан мектебінде эвакуацияда отбасынан көз жазып қалған балалар жиналуда.

Хабар 24 телеарнасы