384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арыстағы апаттың себебін арнайы комиссия анықтайды 

  • 229
  • UPD: 23:37, 24.06.2019

Арыстағы төтенше жағдайға байланысты әскери сарапшы пікір білдірді.

Бахтияр Жантелиевтің айтуынша, апаттың себеп-салдары туралы айту әлі ерте. Қазір оқиға орнында Қорғаныс министрлігінің мамандары жұмыс істеп жатыр. Олар Төтенше жағдайдың нақты мән-жайын анықтауы тиіс. Сарапшы екі мыңыншы жылдары Қазақстанда болған осыған ұқсас жағдайды еске салды. 

Бахтияр Жантелиев, әскери сарапшы:

– Дәл осындай жағдай екі мыңыншы жылдары Балқаш маңындағы «Тоқырау» қоймасында болған. Сол кезде жедел қолға алынған шаралардың арқасында адам шығынына жол берілмеді. 5-6 жылдың көлемінде тиісті жұмыстар атқарылды. Қазір ол қойма жабық.

Хабар 24 телеарнасы