383,69 432.40 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арыстағы оқиғадан зардап шеккендерге жәрдем беру үшін барлық өңір атсалысуда

  • 277
  • UPD: 23:41, 24.06.2019

Арыс қаласындағы жарылыстан зардап шеккендерге жан-жақты көмек көрсетіліп жатыр.

Арнайы мамандардан бөлек мекеме, ұйымдар да қиыншылықты бірге бөлісіп, қолдан келген жәрдемін беруде. Жедел штаб құрылған. Ол жерде медициналық һәм құтқару пунктері шоғырланған. Халыққа кеңес беретін мамандар да сол жерде. Қысқасы, Арыстағы ахуалға байланысты барлық жұмысты осы штаб үйлестіреді.

Нұрбек Байбосын, тілші:

– Жұмыла көтерген жүк жеңіл. Арыс қаласындағы оқиғадан зардап шеккендерге жәрдем беру үшін қазір еліміздің барлық өңірлері атсалысуда. Ал облыс әкімдігі жанынан ашылған «Түркістан» корпоративтік әлеуметтік даму қоры құрылып, жұмысын бастады. Қазіргі таңда халық орналасқан барлық облыс көлемінде де тұрғындарға көмек көрсету үшін арнайы ұйымдастыру лагерлерінде жұртшылық ыстық тамақпен қамтылып, жатын жай қарастырылған. Ал Түркістан облыстық және Шымкент қалалық Қазақстан Халқы Ассамблеясы бірігіп, Арыс қаласының оқиғадан зардап шеккен азаматтарына көмек көрсету үшін қоғамдық штаб құрды. Сондай-ақ облыстық және қалалық этномәдени орталықтардың төрағалары мен белсенділері осы штабта белсенді жұмыс атқаруда.

Хабар 24 телеарнасы