384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚХА төтенше жағдайдан жапа шеккен Арыс тұрғындарына көмектесуде

  • 428
  • UPD: 23:42, 24.06.2019

Оңтүстіктегі халық жұдырықтай жұмылып, ауызбіршіліктің шынайы үлгісін көрсетті.

Ассамблея өкілдері де шет қалған жоқ. Этномәдени бірлестіктер арнайы штаб құрып, төтенше жағдайдан жапа шеккен Арыс тұрғындарына көмектесіп жатыр.

Қазақстан халқы Ассамблеясының Түркістан облысындағы филиалы Шымкент қаласында штаб құрды. Бұл жер тәулік бойы үзіліссіз жұмыс істейді. Ұйым ең алдымен халықты қауіпсіз жерге көшіру және азық-түлікпен қамтамасыз етуге атсалысуда.

Бахытжан Әшірбаев, штаб басшысы:

– Арыстағы қайғылы жағдай бәрімізге ауыр тиіп жатыр. Асссамблея 4 автобус 2 жүк көлігін Арысқа жіберді. Бүгінгі күнде жұмыс жасап жатыр. Түстен бастап жұмыс істеп жатыр. Енді этностардың барлығы мұнда келіп хабарласып штаб құрылып әркім өзінің көмегін көрсетіп жатыр.

Корей этномәдени бірлестігі 3900 дана 1 және 5 литрлік су әкелген. Және басқа да этномәдени топтар азық-түлік бойынша көмек көрсетуде. Көмек ертеңге дейін қай мектепте қанша адам бар екендігі анықталынып, сол жерге берілетін болады. Сонымен қатар этномәдени  бірлестік өкілдері халықты ыстық тамақпен қамту жұмыстарын жүргізуде.

Тахиржан Хакимбеков, Шымкент қалалық өзбек этно-мәдени бірлестігінің төрағасы:

– Біз қазір бәріміз куә болып тұрмыз. Арыста болған оқиға – бұл қайғы. Бір Арыс қаласының қайғысы емес, бүкіл халықтың қайғысы. Бәріміз қолымыздан келгенше жәрдем беріп жатырмыз. Қазір Ақмешітте болып көріп, өзбек бірлестігі атынан 50 кг палау басылып, берейін деп жатырмыз. Ертең сағат 11-де тағы басып, таратамыз.

Елімізде 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады. Қиын-қыстау заманда қазақстандықтар бір-біріне көмек көрсетіп, қолдау білдірсе мемлекетіміздің біртұтастығын айғақтайтын болады. Біздің қазіргі басты мақсатымыз – бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығару.

Хабар 24 телеарнасы