383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арыстағы жарылыс: Қ. Тоқаев облыстық клиникалық ауруханасына барды

  • 233
  • UPD: 01:35, 25.06.2019
Арыстағы жарылыс: Қ. Тоқаев облыстық клиникалық ауруханасына барды

Қазақстан Президенті облыстық клиникалық ауруханаға барып, Арыс қаласындағы жарылыстан зардап шеккендердің көңілін сұрады.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа жарақат алғандардың жағдайы туралы баяндалды.

Мемлекет басшысы төтенше жағдай аймағында медициналық көмек көрсету жұмыстарын ұйымдастыру үшін қосымша шаралар қабылдауды тапсырды. Қазақстан Президенті зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларымен аман-есен қауышуына тілектестік білдірді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Хабар 24 телеарнасы