384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысы тұрғындарына Арыс жақтан қауіп жоқ – ТЖД

  • 151
  • UPD: 07:24, 25.06.2019
Жамбыл облысы тұрғындарына Арыс жақтан қауіп жоқ – ТЖД

Жамбыл облысының тұрғындарына жарылыстан зардап шеккен Арыс қаласы жақтан қауіп туындап тұр деп Whatsapp желісі арқылы тараған ақпарат шындыққа жанаспайды.

Бұл туралы ҚазАқпарат Жамбыл облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап хабарлады. 

Айта кетейік, Арыс қаласы көрші Түркістан облысының аумағында орналасқан. Екі қала арасындағы автомобиль трассасының ұзындығы 246 шақырымды құрайды. «Қазіргі таңда Whatsapp мэссенджерінде Арыс қаласынан төнген қауіп туралы ақпарат тарап жатыр» делінген Жамбыл облыстық Төтенше жағдайлар департаменті таратқан ақпаратта.  

Бұл мәліметтер шындыққа жанаспайды. «Қазгидромет» РМК-ның мәліметтері бойынша, Жамбыл облысының аумағындағы атмосфералық ауаны ластаушы заттардың көлемі шекті деңгейде. Жамбыл облыстық Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды дүрліге бермей тыныштық сақтауға шақырды.

Хабар 24 телеарнасы