389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавл халқы жағымсыз иістен әбігерге түсті

  • 227
  • UPD: 08:19, 25.06.2019
Петропавл халқы жағымсыз иістен әбігерге түсті

Петропавл тұрғындарын жағымсыз иіс әбігерге салды. Экологтардың айтуынша, іргедегі қалдықтар төгілетін қоқыс полигонының қайта-қайта өртенуі салдарынан қаланы көк түтін басқан.

Қоқысты жоюға жауапты мекемеге соңғы 3 жылда 6 мәрте тексеру жүргізілген. Алайда, технологиялық талаптардың сақталмауы салдарынан қазір аспанды көк түтін тұмшалап, өткір иіс ауаға таралып жатыр. Серіктестік басшылығына жану ошағын жою міндеттелген. Алайда полигондағы өрт сөндірілген жоқ. Экологтар жауапты мекемені сотқа берді. Енді компания 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейді.

Азамат Бектасов, облыстық экология департаменті басшысының орынбасары:

- Жану фактісінің ең басты себебі, қатты тұрмыстық қалдықтарды осы полигонда орналастыру бойынша технологияны дұрыс қолданбау. Ең біріншіден, ол инертті материалдар болу керек. Сол инертті материалдарды олар қолдануға, сөздеріне қарағанда, қаражаттары және арнайы техникалары жоқ.

Хабар 24 телеарнасы