384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар қаласын гүлмен безендіру жұмыстары кешігіп жатыр

  • 142
  • UPD: 08:47, 25.06.2019

Салдарынан әдетте осы уақытта жайнап тұратын гүлзарлар бос жатыр, ал бұған дейін отырғызылған декоративті өсімдіктердің сапасы сын көтермейді. Бұл облыс орталығы тұрғындарының көңіліне қаяу түсірді. 

Облыс оралығында жыл сайын 15 мың шаршы метр жерге декоративті өсімдіктер отырғызылады. Бұл 450 мың данадан астам гүл. Көшелердегі гүлзарлардың бүгінгі келбеті тұрғындардың көңілінен шықпады.

Зарина Барлыбайқызы, қала тұрғыны:

- Қазір қурап тұр. Су керек. Енді күнде-күнде емес, аптасына 3-4 құйсақ, онда жақсы болады. Мысалы, алдыңғы жылдарға қарағанда биыл енді өте нашар.

Биыл жаз кеш шыққаны рас. Бірақ, себеп ауа райының қолайсыздығында емес. Сала мамандарының айтуынша, қаланы көгалдандыру тендері жыл сайын екі лот бойынша жарияланатын. Сәйкесінше, безендіру ісіне екі мердігер ұйым тартылатын. Солардың бірі осы жылыжай.

Наталия Чепуштанова, безендіруші:

- Қаланы безендіруге қыс бойы дайындадық. Ландшафттық дизайн әзірлеп, жобаларымызды бекіттік. Дегенмен, биыл жолымыз болмады. Өкінішті әрине, қанша еңбегіміз зая кетті. Біз патогенді саңырауқұлақтардың спораларынан туындайтын гүл ауруларымен күрес те жүргіземіз.

Кешеннің гүл нарығында 30 жылдық тәжірибесі бар. Көздің жауын алатын гүлдер жергілікті климатқа бейміделген және фитосанитарлық талаптарға сай.

Ақмарал Есімханова, тілші:

- Петуния, гацания, тагетис немесе барқытгүл. Бұл кәсіпорында қала көшелерін безендіруге арналған декоративті өсімдіктердің 20-дан астам сұрыбы өсіріледі. Биылғы жазғы маусымға агрономдар қауымы осындай әсем гүлдердің 600 мыңнан астам данасын дайындап үлгерген. Дегенмен, туындаған жағдайға байланысты қазір халық арасында арзан бағамен сатуға мәжбүр.

Шаһарды безендіру және гүлдерді күтіп-баптау тендерін екінші мердігер жеңіп алды. Гүл отырғызу жұмыстары мамырда басталғанмен, бүгінгі күні аяқталмаған.

Руза Хамитова, мердігер ұйым директоры:

- Жыл сайын екі лот ойнатылып, екі мердігер жұмыс жасайтын. Енді біреу-ақ. Бұл өзімізге де түсініксіз жайт. Қиындау болады. Жұмыстарды жылдам аяқтау үшін қосымша адам күшін тартық. Қазіргі уақытта 9 мың шаршы метрге гүл егілді.

Тендердің неліктен бір-ақ лот бойынша жарияланғанын әкімдіктегілер өздері де дұрыс түсіндірмеді. Оған қоса байқау кеш өткізілген.

Ержан Түсіпбеков, қалалық түкш бөлімі көгалдандыру секторының меңгерушісі:

- Қайтадан жарияладық, қазір сол себептен қаланың шөп шабуы, жаңағы гүл отырғызу біраз кешіктіріліп қалды. Енді гүл отырғызып жатырмыз. Қазіргі уақытта әкімдіктің тапсырмасымен бригадаларды көбейтіп, қазіргі уақытта жұмыс. Әкім жинап, біраз сөгіс жариялап өзі тапсырма берді. Биылғы гүлдің сапалары нашар деп.

Былтыр гүлдерді отырғызу және күтіп-баптауға 75 млн теңге бөлініп, қызметті екі мердігер бірлесіп атқарған. Осы жылы 49 млн. теңге қарастырылған. Бірақ, жұмыс көлемі өзгермеген. Жеңіске жеткен мердігер ұйымның ендігі мақсаты - жұмысты бірінші шілдеге дейін аяқтау. 

Авторлары: Ақмарал Есімханова, Алексей Омельницкий

Хабар 24 телеарнасы