389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арыста зардап шеккендерге жәрдем беру үшін еліміздің барлық өңірі атсалысуда

  • 482
  • UPD: 12:52, 25.06.2019

Жұмыла көтерген жүк жеңіл. Арыс қаласындағы оқиғадан зардап шеккендерге жәрдем беру үшін қазір еліміздің барлық өңірлері атсалысуда.

Ал облыс әкімдігі жанынан ашылған «Түркістан» корпоративтік әлеуметтік даму қоры жұмысын жалғастыруда. Одан бөлек Шымкенттің ерікті жастары мен қала тұрғындары да,,, зардап шеккен халық орналасқан лагерлерге барып қолдан келген жәрдемін жасауда. Дәл қазір әріптесім Нұрбек Байбосын Қазақстан Халқы Ассамблеясы ғимаратынан тікелейге қосылымға әзір. Нұрбек, бір шаңырақ астында тату тәтті күн кешіп жатқан түрлі этнос өкілдерінің көмегі туралы өзіңнен білсек...

Арыстағы жарылыстан зардап шеккендерге көмектесу мақсатында Қазақстанда “Арыс, біз біргеміз” акциясы басталды. Оның аясында кез келген адам арнайы штабтарға барып, ақшалай немесе заттай өз көмегін бере алады.

Нұрбек Байбосын, тілші:

- «Арыс. Біз біргеміз!» Осылай деп  ұрандатқан халық,  ынтымағы мен бірлігі жарасып бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, қазір Арыстағы кешегі оқиғадан эвакуацияланған тұрғындарға жан-жақты көмек көрсетіп жатыр. Ал Түркістан облыстық және Шымкент қалалық Қазақстан Халқы Ассамблеялары бірігіп, Арыс қаласының азаматтарына көмек көрсету үшін қоғамдық штаб құрды. Сондай-ақ өңірдегі этномәдени орталықтардың төрағалары мен белсенділері осы штабта тәулік бойы жұмыс атқаруда. Олар, кешеден бастап 4 тоннадан астам азық-түлік, тұрмысқа қажетті түрлі заттарды тұрғындар орналасқан қаладағы 15 арнайы бекеттерге жөнелтуде. Ал бүгін шаһардағы этномәдени бірлестіктер барлық бекеттерге таңертеңнен бастап ыстық тамақ жеткізуде. Сондай-ақ ассамблея 300-ден астам арнайы орын дайындап, Арыстан уақытша көшірілгендерді жайғастыруда.

Шымкенттегі М.Әуезов атындағы ОҚМУ оқытушылары мен профессор құрамы өздерінің 1 күндік жалақыларын зардап шеккен тұрғындарға аударды. Ал осы жоғары оқу орнының студент ерікті жастары қазіргі таңда халық шоғырланған арнайы бекеттерде көмек көрсетуде.

Хабар 24 телеарнасы