384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістанда жаңа аурухана ашылды

  • 115
  • UPD: 11:50, 25.06.2019
Түркістанда жаңа аурухана ашылды

Түркістан қаласында 180 орындық көп бейінді аурухана пайдалануға берілді.

10 бөлімшесі бар 5 қабатты жаңа ғимарат мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында ашылды. Соңғы үлгідегі заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған ауруханада реанимациялық, хирургиялық, ЛОР, операция жасау бөлімшелері және перзентхана бөлімі орналасқан. Санитарлық талаптарға сай келетін жаңа медициналық орталықта тұрғындар үшін барлық жағдай жасалған. Қазір ауруханада 460 қызметкер жұмыс істейді. Оның 60-ы жоғары санатты дәрігерлер болса, 74-і орта буынды санитарлар, қалғаны түрлі техникалық қызмет көрсету бөлімінің мамандары.

Алдияр Алтынбеков, аурухананың бас дәрігері:

- Жаңа ауруханамызға операция, реанимация бөлімі көшірілді. Заманауи жабдықтармен қамтылып, 3 операция бөлімдері ашылды. Қазір мамандарға тапсырыстар беріліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы