384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арыс балалары Бурабайда тегін демалатын болады

  • 497
  • UPD: 12:24, 25.06.2019
Арыс балалары Бурабайда тегін демалатын болады

Ақмола облысы Арыстағы апаттан зардап шеккен отбасылардың балаларын қабылдайды.

Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, 100 балаға Бурабайдағы сауықтыру орталықтарына тегін жолдама берілмек. Қазір тараптар арасында келіссөздер жүргізіліп жатыр. Алдын ала болжам бойынша, Көкше жеріне жарылыс жақын орналасқан үйлердің және тұрмысы төмен отбасылардың балалары келуі мүмкін.

Марат Иғали, Ақмола облысы әкімінің орынбасары:

- Ақмола облысының активі Арыс қаласында болған төтенше жағдайға байланысты жергілікті тұрпғындарға көмек көрсету туралы шешім қабылдады. Бірінші көмек балаларға қатысты. Бүгінгі күні Бурабай-Щучинск курорты аумағында  сауықтыру орындарының бесеуі 100 баланы қабылдауға әзір. Қазіргі кезде Арыс қаласындағы әкімдігімен келіссөздер жүргізіліп, тізімі нақтылануда. Бұл бастамаға бизнес қауымдастық, мемлекеттік емес ұйымдар, жалпы жергілікті қауымдастық атсалысуға белсенділік танытып отыр.

Хабар 24 телеарнасы