384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Талдықорғанда «Жетісу Арыспен бірге» атты қайырымдылық шарасы басталды

  • 172
  • UPD: 12:42, 25.06.2019
Талдықорғанда «Жетісу Арыспен бірге» атты қайырымдылық шарасы басталды

Алматы облысындағы мемлекеттік мекеме қызметкерлері бір күндік еңбекақыларын «Түркістан» әлеуметтік даму қорына аудармақ.

Осылайша Жетісу жұрты Арыс қаласындағы апатқа бейжай қарамайтынын білдірді. Жақындарынан айырылғандардың қайғысына ортақтасып, баспанасыз қалғандарға қолдау көрсетуге кірісті. Сонымен қатар өңірде «Жетісу Арыспен бірге» атты арнайы қайырымдылық шарасы ұйымдастырылып жатыр. Акцияға әрбір тұрғын қатысып, өз мүмкіндігіне қарай қаржылай көмек көрсете алады. Мұндай игі іске жергілікті кәсіпкерлер де атсалысады. Облыста жапа шеккендерге қажет заттардың тізімі жасалып, оны қабылдайтын орталықтар да ашылып отыр. Жиналған киім-кешек, азық-түлік бүгін кешке Арысқа жөнелтілмек.

Ғалымұрат Жүкел, облыс әкімі баспасөз қызметінің жетекшісі:

- Мемлекеттік қызметкерлер ғана емес, кәсіпкерлер де көмек көрсетуде. Қазір олар қажетті материалдық заттарды алып келуде. Заттар жиналған соң керуенмен Арыс қаласына жіберіледі.

Хабар 24 телеарнасы