384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оңтүстік бағыттағы пойыздар Арыс тұрғындарын тасымалдауда

  • 136
  • UPD: 12:51, 25.06.2019
Оңтүстік бағыттағы пойыздар Арыс тұрғындарын тасымалдауда

Оңтүстік өңірді бетке алған жолаушы пойыздары Арыстағы оқиғаға байланысты Тараз қаласының теміржол бекетінде тоқтап тұр.

Жолаушылар әрі қарай арнайы ұйымдастырылған автобустармен жеткізіліп жатыр. Түнде Шымкент, Қызылорда бағыттарында 500-ге тарта жолаушы жөнелтілді. Әлі де келетін пойыздар бар. Шамамен тағы 300-дей жолаушы келеді деп күтілуде. Қазір оларды діттеген жеріне жеткізу үшін қосымша көліктер әзірленген. Жақын маңда орналасқан 3 мектепке ыстық тамақ және жатын орындар дайындалды. Сонымен қатар көрші облысқа дәрі-дәрмекпен қамтылған жедел жәрдем бригадасы жолға шығып кетті. Облыс орталығында 4 жерде гуманитарлық көмек көрсету бекеттері ашылды. Бүгін кешке дейін жиналған азық-түлік, гигиеналық заттар, киім-кешек, көрпе-төсек арнайы көліктермен жөнелтілетін болады.

Хабар 24 телеарнасы