384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атыраулықтар Арыс тұрғындарына қайырымдылық көмек жібереді

  • 188
  • UPD: 13:58, 25.06.2019
Атыраулықтар Арыс тұрғындарына қайырымдылық көмек жібереді

 «Арыс. Біз біргеміз» акциясына атыраулықтар да атсалысып жатыр.

Бүгін өңірдегі ірі сауда орындары мен базарлар және қарапайым халық жарылыстан зардап шеккен Арыс тұрғындарына гуманитарлық көмек жинайтын болады. Мұнда ең алдымен қажетті ауыз су, макарон, консерві өнімдері, гигиеналық тауарлар мен көрпе жастық жинастыру қарастырылған. Сонымен қатар бүгін облыстық және аудандық әкімдіктерге қарасты барлық деңгейдегі мемлекеттік қызметкерлер бір күндік жалақысын аударуды жоспарлап отыр. 

Хабар 24 телеарнасы