384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылордадан Арыс халқына азық-түлік автокеруені аттанды

  • 179
  • UPD: 15:19, 25.06.2019

Tүркістан облысы Арыс қаласының әскери бөлімінде орын алған төтенше оқиғаға байланысты Қызылорда облысы тарапынан арнайы автокеруен жасақталып, 14 жарым тонна күріш, 10 тонна ұн, 5 тонна қарақұмық, 1 жарым тонна сүт жіберілді.

Облыс бойынша жергілікті атқарушы органдардағы екі мыңнан астам мемлекеттік қызметші 1 күндік жалақысын аударуға ниет білдіруде. Бұдан бөлек, зардап шеккендерге азаматтық қоғам институт өкілдері, кәсіпкерлер және жеке азаматтар да өз еріктерімен қолдау көрсетуде. Темір жол станцияларында оқиғаға орай кідірген 5 жолаушы пойызындағы 1 мың 200 жолаушыға ыстық тамақ пен салқын су тегін таратылды және 15 жолаушыға медициналық көмек көрсетілді.«Москва-Бішкек», «Атырау-Алматы» бағытындағы екі жолаушы пойызы «Сексеуіл» станциясы арқылы Жезқазған бағытымен Алматы, Бішкек қалаларына сапарын жалғастырды. Жолаушылар пойызының бағыты өзгеруіне байланысты «Сексеуіл» станциясынан Қызылорда, Түркістан облыстарына баратын 500 жолаушыға межеленген жерлеріне жетуі үшін арнайы 14 вагондық станционаралық пойыз бен 6 автобус қызмет көрсетті. Сонымен қатар, Түркістан облысына, Шымкент қаласы аралықтағы жолаушыларды тасымалдау үшін 5 үлкен сыйымдылықты автобус жіберілді. Облыс әкімі жанынан жедел штаб құрылып, кез келген уақытта түрлі көмек көрсетуге дайын тұр.

Хабар 24 телеарнасы