384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жарылыстан зардап шеккен Арыс халқына алматылықтар қол ұшын созды

  • 146
Жарылыстан зардап шеккен Арыс халқына алматылықтар қол ұшын созды

Алматы жүртшылығы да кешеден бері  Арысқа гуманитарлық көмек жинауда. 

Сол көмектерді қабылдап жатқандардың бірі «Мен алматылықпын» қоғамдық қозғалысы. Алматы тұрғындары, азық-түлік пен сусындар көрпе-жастықтар мен ұзақ мерзімге жарайтын консервілер әкелуде.  Дәл қазіргі таңда,  ең қажеттісі  сәбилерге арналған жаялықтар мен балалар тағамы және гигиеналық заттар дейді қоғамдық қозғалыс  белсенділері. Кешеден бері жинақталған гуманитарлық көмектің алғашқы  легі бүгін түнде Арысқа жеткізіледі. Мегаполис тұрғындарының көмегі әлі де жалғасуда.

Сәкен Шынболатов, Алматы қаласының тұрғыны:

- Мен кешегі жаңалықтардан, әлеуметтік жеілерден көрдім. Қаншама балалар жылап жатыр, әке-шешесін таба алмай. сол балалардың жастарын көріп, солардың   күйін көріп, көмектеспеске болмайды деп шешім қабылдадым.

Хабар 24 телеарнасы