389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арыстағы оқиғадан зардап шеккендерге көмек көрсетуге психологтар жіберіледі

  • 284
  • UPD: 14:36, 25.06.2019
Арыстағы оқиғадан зардап шеккендерге көмек көрсетуге психологтар жіберіледі

Арыс қаласында зардап шеккендерге көмек көрсету үшін қосымша тағы 20-ға жуық психологтан тұратын жұмыс тобы жасақталды.

Олар қажет болған жағдайда оқиға орнына аттануға әзір тұр. Қазір онда 24 психолог жұмыс істеп жатыр. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы жанындағы республикалық балалар құқығын қорғау жөніндегі кеңестің өкілдері мәлімдеді. Бүгін оның бірнеше мүшесі Арысқа аттанады. Олардың қатарында үкіметтік емес ұйымның мүшелері де бар. Зардап шеккендерге  «Nur Otan» партиясының облыстық филиалдары да қол ұшын созуда. Азық түлік пен құрылыс материалдары тиелген автокеруендер Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе және Павлодар облыстарынан жолға шықты. Ал партияның Ақмола облыстық  филиалы зардап шеккендерге психологиялық көмек көрсетумен қатар балаларға жазғы сауықтыру  лагерлеріне жолдама бермек.

Ырысты Жұмабекова, Nur Otan партиясы жанындағы балалар құқығын қорғау жөніндегі кеңестің кеңесшісі:

- Түркістанда істейтін жұмысымыз сол балаларға қандай-қандай жағдай жасау керек? Мектепте, балабақшада деген сияқты. Семьяларға қандай көмек көрсету керек деген сияқты. Сол жақта отырып совет мүшелері жұмыс жасасақ дейміз.

Хабар 24 телеарнасы