384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қару-жарақ қоймасы Арыстағы мекендерден 200 метр жерде орналасқан – М.Бектанов

  • 183
  • UPD: 14:45, 25.06.2019

Арыстың 39 мың тұрғыны өз бетімен қаладан шығып кеткен. 3 мыңға жуығы эвакуацияланды.

Бұл туралы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Үкімет отырысында айтты. Қазір снарядтар ұшып жатқандықтан, әскери бөлім қоймасындағы өртті сөндіру қиын болып тұр. Ал Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары Арыс қаласында оқ-дәрілерді сақтау базасы 1960 жылдары салынғанын жеткізді. Ол үш техникалық аумақтан тұрады. Күзет пен барлық техникалық қызметкерді қосқанда базада 400-ге жуық адам болған. Қоймаларда артиллериялық оқдәрі сақталған.

Қазір оқиға орнына барлау жүргізіліп, минаны жою үшін жалпы саны 1800 адам жұмыс істеп жатыр. Бірінші кезекте Арыс елдімекені оқдәріден тазартылады. Белгілі болғандай қоймалар Арыстан небәрі 200 метр қашықтықта орналасыпты.

Мұрат Бектанов, ҚР Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары:

- Қоймалар елді мекеннен 200 метр қашықтықта тұрды. Біздің ережелеріміз бойынша олар 3 шақырым жерде болуы тиіс. Бірнеше рет қашықтықты 10 шақырымға дейін ұзарту мақсатында құжаттар тапсырғанбыз. Алайда ол үшін адамдарды көшіру керек еді. Темір жол 800 метрде орналасқан. Оны да жылжыту қажет болды. Біз 2005 жылдан бері басқа аумақтарға оқдәрі тасымалдаумен айналысамыз. Қаржыландыру жеткіліксіз болғандықтан бәрін тасымалдап үлгермедік.

Хабар 24 телеарнасы