384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкенттегі эвакуациялық бекеттерде тұрғындарға көмек көрсетілуде

  • 155
  • UPD: 15:52, 25.06.2019

Шаһарда әкімдіктің бастамасымен 15 бекет құрылған.

Нұрбек, халықтың жағдайы қалай? Қандай көмек көрсетіліп жатыр?

Нұрбек Байбосын, тілші:

-Марал дәл қазір біз Шымкенттегі 26 мектепте орналасқан эвакуациялық бекеттеміз. Мұнда кешеден бері 200 ге тарта адам жиналған. Әлі де келіп жатқандар бар. Осындағы азаматтарға қажетті азық-түлік, киім-кешек, төсек-орын толығымен жеткілікті түрде қамтылғандығын жаңа өз көзімізбен көрдік. Мұндағы халық қол ұшын созған азаматтарға тек алғыстан басқа айтарымыз жоқ дейді. Біз мұнда көп балалы аналарды кездестірдік. Арыс қаласының тұрғыны Балнұр Ерсұлтанова осы бекетке кеше келіпті. 6 баланың анасы оқиға орын алар алдында, үш қызын Арысқа жақын маңдағы демалыс лагеріне жіберген екен. Содан кеше қыздарынан хабар алмаған ана түні бойы көз ілмей шыққан.

Хабар 24 телеарнасы