384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар облысы арыстықтарға қолдау білдірмек

  • 159
  • UPD: 17:23, 25.06.2019

Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовтың тапсырмасымен жазғы демалыс лагерьлері 5-ші және 9-сынып аралығындағы арыстық 300 баланы қабылдайтын болды.

Демалу мерзімі –­ 15 күн. Бүлдіршіндерді алып келуге Түркістан облысына аудандық және қалалық білім бөлімдерінің басшылары аттанып кетті. Балалармен жұмыс істейтін еріктілер тобы құрылады. Бұл іске оңтүстік өңірлерден «Серпін» бағдарламасы бойынша оқып жатқан студенттерді жұмылдыру көзделген. Олардың арасында Арыс қаласының да жастары бар.

«Арыс, бiз бiргемiз!» акциясына Павлодар облысының полиция департаменті де үн қосты. 2000-нан астам полиция қызметкері бір күндік жалақыларын аудару үшін өтініш жазды.

Жанар Белялова, облыстық полиция департаментінің ресми өкілі:

- Ауыр жағдайға тап болған Арыс қаласының тұрғындарын бүкіл ел болып қолдап жатқанда біз, Павлодар облысының полициясы, шет қалмауға тырыстық. Полиция департаментінің барлық бөлімшесінде офицерлік, полицейлік жиналыстар өткізілді. Біз бір күндік жалақымызды аударуға бір ауыздан шешім қабылдадық.

Хабар 24 телеарнасы