389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысында көп балалы ана жоғалған балаларымен табысты

  • 386
  • UPD: 23:39, 25.06.2019

Эвакуациялау кезінде жоғалып кеткен балалардың бәрі өз ата-аналарымен табысып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дәл осындай баласымен аман-есен қауышқан оқиғалардың бірі Шымкенттегі №26 мектепте орналасқан эвакуациялық бекетте болды. 6 баланың анасы Балнұр Ерсұлтанова бұл бекетке кеше келіпті. Көп балалы ана оқиға орын алар алдында үш қызын Арысқа жақын маңдағы демалыс лагеріне жіберген екен. Содан кеше қыздарынан хабар алмаған ана түні бойы көз ілмей шыққан. Алайда бүгін таңертең қыздарының аман екендігінен хабар жеткен.

Балнұр Ерсұлтанова, Арыс қаласының тұрғыны:

– Бала-шағамнан кешеден бері бүгін хабар алдым. Бүгін өзіміздің үлкен мектептің басшылары, қалалық білім басқармасы басшылығы бірлесе отырып, қыздарымның лагерьде екенін анықтап берді. Бірақ өзім әлі тілдесеп, олармен хабарласқан жоқпын. Барайын десем, жолдар әлі жабық дейді. Қалаға ешкімді әлі кіргізіп жатқан жоқ екен. Мұндағы жағдайымыз өте жақсы. Халыққа айтар алғысым шексіз. Ештеңеден таршылық көріп жатқан жоқпыз. Сусын, тамақ, дәрі – бәрін жеткізіп беріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы