384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО лагерьлері арыстық балаларды қабылдауға әзір

  • 188
  • UPD: 23:42, 25.06.2019

Шығысқазақстандықтар Арыстағы ағайынға көмек қолын созуға дайын, деп хабарлайды «Хабар 24».

Облыс жүздеген баланы жазғы лагерьге қабылдауға әзір. Сонымен қатар арыстық зейнеткерлердің сауықтыру орындарында демалуы үшін де жағдай қарастырылады. Бұл туралы Арысқа гуманитарлық көмек көрсету шарасы пысықталған жиында аймақ басшысы Даниал Ахметов мәлімдеді. Аталған бағыттағы жұмыстарды үйлестіру үшін штаб құрылды. Жергілікті кәсіпкерлер де қолдау көрсетуден тыс қалмайтынын жеткізді. Жастар ресурстық орталығының өкілдері «Арыс, біз біргеміз» акциясына белсене қатысып, өздерінің бір күндік еңбекақыларын аудармақ.

Назгүл Құнапиянова, көп балалы ана:

- Балаларға, үлкендерге киім-кешек әкелдім. Өзім көп балалы ана болғандықтан, балалардың жағдайын көріп жүрегім қатты ауырды. Сөздің шыны керек, «ешкім аш-жалаңаш қалмасын, елім аман болсын» деген ниет-тілекпен бар көмегімді аямай алып келдім.

Даниал Ахметов, облыс әкімі:

- 1-2 күн ішінде лайықты шешім қабылдап, қанша баланы және қанша қарт адамды қабылдай алатынымызды ойластырып, сіздерге ашық айтамыз.

Хабар 24 телеарнасы