389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚР ІІМ ТЖК: Арыс қаласындағы ғимараттардың 80-90% бүлінген

  • 711
  • UPD: 23:38, 25.06.2019

Алдын ала болжам бойынша Арыстағы тұрғын үйлер мен ғимараттардың 80-90 процентке жуығы бүлінген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Баспаналардың басым бөлігі сақтандырылмаған. Сондықтан материалдық шығынды өтеу әр өтініш бойынша жеке қаралады. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер хабарлады. Оның айтуынша, оқиға орнында қауіп әлі сейілген жоқ. Бүгін сағат күндізгі 15:00-ге дейін 24 снаряд пен 104 жарылғыш заттардың жарықшақтары табылған. Оларды залалсыздандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондықтан жергілікті тұрғындарға әлі  қалаға кіруге болмайды.

Хабар 24 телеарнасы