384,36 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда 5 арнайы штаб құрылды

  • 214
  • UPD: 23:36, 25.06.2019
Атырауда 5 арнайы штаб құрылды

Атыраулықтар «Арыс, біз біргеміз» акциясына атсалысып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Облыс орталығында 5 арнайы штаб құрылып, онда қаржылай және гуманитарлық көмек ұйымдастырылып жатыр. Өңірдегі ірі сауда орындары, базарлар және қарапайым халық жарылыстан зардап шеккен Арыс тұрғындарына 160-тан астам өнім түрін даярлауда.

Мұнда зардап шеккен жандарға қажетті ауызсу, макарон, консерві, құрғақ азық-түлік өнімдері, медициналық препараттар мен гигиеналық тауарлар, көрпе-жастық пен киім-кешектерді жинастыру үстінде. Алғашқы көмек дәл бүгін кешке Арысқа пойызбен жөнелтіледі. Атырау халқы зардап шеккен жандарға моральдық және материалдық қолдау көрсетіп, көмекті мүмкіндігінше жылдам жеткізуге қамданып жатыр.

Әлібек Семғалиев, Атырау қаласының тұрғыны:

- Арыста болған жағдай бәрімізге де қиын болып отыр. Сол себептен «қолынан келгенше қамқоршы болу ­ әр азаматтың өзінің парызы» деп ойлаймын. Бүгін сол қолымыздан келгенді жасап, көмегімізді осы штабқа әкеліп беріп жатырмыз. Осындай ауызбіршіліккке бәріңізді шақырамын! «Осындайда бәріміздің басымыз қосылуы керек» деп есептеймін.

Баян Жанұзақова, Атырау қаласының тұрғыны:

- Бұл ­ біздің елдігіміздің, бірлігіміздің сыналатын уақыты. Сондықтан осы Атырау қаласы тұрғындарының атынан қайғырып көңіл айтамыз. Біз қолымыздан келген гуманитарлық болсын, қаржылай болсын ­ барлық көмекті жіберуге, жолдауға дайынбыз. Қазіргі уақытта бірнеше қайырымдылық қоры арнайы есепшот ашып жатыр. Мен отбасыммен бірігіп сол есепшотқа аударым жасаймын.

Хабар 24 телеарнасы