389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арыстықтарға Тараздан гуманитарлық көмектің алғашқы легі жөнелтілді

  • 372
  • UPD: 23:34, 25.06.2019
Арыстықтарға Тараздан гуманитарлық көмектің алғашқы легі жөнелтілді

10 тонна ұн, 10 тонна қант, 18 мың дана жұмыртқа, 1,5 тонна тауық еті тиелген жүк көліктері жолға шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шымкент қаласына бүгін 40 тонна азық-түлік жеткізіледі. Жалпы, өңірден 180 тоннадан астам ауылшаруашылық тауарлары, тұрмысқа қажетті заттар жіберу көзделіп отыр. Тараз қаласында 4 жерде арнайы қабылдау пунктері ашылып, жергілікті жұрт жәрдемдесіп жатыр.

Бұдан бөлек медициналық қызмет көрсету үшін облыстан 4 реанимобиль Арыс қаласына аттанды. Қажетті 2,2 млн теңгеге дәрі-дәрмек артығымен алынып, 8 фельдшер жолға шығып кетті. Жалпы республикалық «Арыс, біз біргеміз» акциясы жалғасуда.

Мұратхан Шүкеев, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары:

- Бұл  бастамасы. Қалған азық-түлік жүк көліктеріне тиеліп жатыр. Біртіндеп жібере береміз. Мұнымен қоса көмек ретінде 60 тонна құрылыс материалдарын жөнелтуді көздеп отырмыз. Таразға Арыс қаласынан 108 адам келді. Олар үшін жатын орын, ыстық тамақ ұйымдастырылған. Қазірде Арыс қаласынан жеткен тұрғындар жіті бақылауда.

Хабар 24 телеарнасы