383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түрлі жарақат алған 70 адам Түркістан облысының ауруханаларында емделіп жатыр

  • 120
  • UPD: 18:22, 25.06.2019
Түрлі жарақат алған 70 адам Түркістан облысының ауруханаларында емделіп жатыр

Арыс қаласындағы жарылыстан кейін түрлі деңгейде жарақат алған 70 адам облыстағы ауруханаларда ем қабылдап жатыр.

Олардың ішінде бесеуінің жағдайы ауыр. Сонымен қатар төтенше жағдай кезіндегі қарбаласта жол-көлік оқиғасынан екі адам мертігіп қалған. Балалар арасында ми жарақатын алғандар бар. Бұл туралы біздің арна тілшілеріне Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Мұқан Егізбаев телефон арқылы хабарлады.   

Мұқан Егізбаев, Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы:

- Қазіргі таңда 70 адам жатыр. Оның ішінде бесеуінің жағдайы ауыр. Төртеуі кома жағдайында. Аурулар көбінесе, мына травма алғанына байланысты, әртүрлі жарақат, оның ішінде газбен уланғандар бар, күйгендері бар. Осы түскендердің жетеуі бар, екеуі авариядан жарақат алған. Жағдайы ауыр.

Хабар 24 телеарнасы