384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбе облысында Арыс халқы үшін көмек қабылдайтын пункттер ашылған

  • 172
  • UPD: 18:50, 25.06.2019

Ақтөбе облысында гуманитарлық көмек қабылдайтын бірнеше пункт белгіленген.

Тұрғындар азық-түлік пен тұрмыстық қажетті затардан бөлек құрылыс материалдарын да жинауда. Дәл қазір гуманитарлық көмек жүк көліктеріне тиелуде.

Мансұр Есқожин, тілші:

- Міне дәл осы екі жүк көлігі санаулы сағаттанкейін жолға шығуы тиіс. Ақтөбеліктер бір тәулік ішінде 24 тонна азық-түлікжинап берген. Арыс қаласында оқыс оқиғадан зардап шеккендерге көмек қолын созамдеушілердің қарасы өте көп. Гуманитарлық көмек жинау орталығының өкілі Асылжан Бүркіталин кеше түнгі сағат 3-тің шамасына дейін қоңырау қабылдағанын жеткізген болатын. Қазір көптің сәлемін оңтүстік өңірге жеткізуге әзірленуде. 

Бұған дейін болған арнайы баспасөз мәслихатында облыс әкімінің орынбасары жергілікті кәсіпкерлер арыстық бүлдіршіндерге жазғы демалысты ұйымдастырады деген болатын. Жүз бөбекті Ақтөбедегі лагерьлерге орналастыру жөнінде келісім бар. Айта кету керек, өңірде арнайы штаб құрылған болатын. Бұл құрылым орталық штабпен байланысып, арыстықтарға Ақтөбе өңірінен көрсетілетін көмекті бағыттап және жүйелеп отырады. 

Рахат Сыдықов, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары:

- Шымкент қаласының бойындағы складтарға бәрі жиналады. Сосын әрі қарай керекті семьяларға, адамдарға сол жаөта құрылған штаб, штаб басшысы бар өздері тарататын болады. Одан бөлек құрылыс материалдарының қажеттілігіне сұраныс берген. Соған байланысты 20 млн теңгеге құрылыс материалдарын дайындағанбыз. 

Мансұр Есқожин, тілші:

- Қаржылай қолдау да бар. Дәл осы сағатқа жеткен ақпаратқа сәйкес арнаулы қайырымдылық есеп-шотына ақтөбеліктер 5 миллион теңге аударған. Және бұл жұмыстар жалғасын табады.

Хабар 24 телеарнасы